{metadescription}
Алматыда жүк көлігі жаппай жол апатына себеп болды

Алматыда жүк көлігі жаппай жол апатына себеп болды

Алматыда Халиуллина көшесінің қиылысында жаппай жол апаты болды.

Куәгерлердің айтуынша, бір-бірімен соқтығысқан жеті көліктің барлығы да бір бағытта келе жатқан. Ең алдымен Камаз жүргізушісі бар жылдамдықпен Газельдің артынан соғып, жаппай жол апатына себеп болған.

Инерциямен қозғалған Газель Honda Civic крассоверін, ал ол өзінің алдында келе жатқан Lada көлігін соғуы салдарынан үш көліктің қозғалысы ырық бермей кеткен. Сондай-ақ, жоғары жылдамдықпен жүйткіген жүк көлігі №205 бағыттағы автобусқа алдын тіреп тоқтаған.

Жол апатынан Honda Civic жолаушысы жарақат алып, ол жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде