{metadescription}
Ғалымдар коронавируспен ауырғандардың үштен бірінен психикалық ауытқу байқады

Ғалымдар коронавируспен ауырғандардың үштен бірінен психикалық ауытқу байқады

Коронавируспен ауырған әрбір үш адамның біреуі жарты жыл өткеннен кейін жүйке ауруларына шалдығады.

Бұл туралы Lancet Psychiatry ғылыми журналында жарияланған британдық және американдық ғалымдардың зерттеуінде айтылған.

"Коронавирус диагнозы қойылған 236 379 пациенттің арасында алдағы жарты жылда жүйке ауруы 33,62% адамда байқалады деп болжануда", - дейді мамандар.

Ғалымдардың айтуы бойынша, көбінесе ковидпен ауырғандарға ишемиялық инсульт, аффективті бұзылулар, ұйқысыздық, дәрілердің әсерінен психикалық ауытқу, деменция диагноздары қойылады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде