{metadescription}
ШҚО-да жоғалып кеткен 2 жасар баланың мәйіті табылды

ШҚО-да жоғалып кеткен 2 жасар баланың мәйіті табылды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жоғалып кеткен баланың денесі табылды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан әйел 2 жасар ұлы Арсен Киселевтің жұма күні күндіз әдеттегідей аулаға ойнауға шыққанын, бірақ кейін оны таппай қалғанын жеткізді. Полицейлер Арсенийдің аға-әпкелерімен және көрші балалармен бірге ойнап жүргенін анықтаған. Алайда кейін араға уақыт салып, ол жоғалып кеткен.

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында полицейлер, құтқарушылар, еріктілер және қала тұрғындары 2 жасар баланы іздеу жұмыстарын түні бойы жүргізген. Өскеменнен іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін қосымша Полиция департаментінің және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ кинологтар келген.

«Полиция қызметкерлері бала өзенге жақындап, суға түсіп кетуі мүмкін деген болжам жасаған. Бұған су жағасындағы іздер дәлел болды. Біраз уақыттан соң баланың мәйіті ықтимал құлау орнынан 1 шақырым қашықтықтан табылды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде