{metadescription}
Коронавирус пен пневмониядан 13 адам қайтыс болды

Коронавирус пен пневмониядан 13 адам қайтыс болды

13 қазақстандық бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК өкілдері. 

10 сәуірдегі мәлімет бойынша, 31 360 адам короновирус инфекциясынан (30 640 КВИ+ және 720 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 11 505 пациент стационарда, 19 855 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Өткен тәулікте коронавирустан 12 адам қайтыс болды.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 523 адамның жағдайы ауыр;
• 162 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 95 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

8 сәуірдегі мәлімет бойынша, 101 жаңа жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталған, 170 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны – 51 260, өлім жағдайлары - 722, барлығы 49 818 адам сауығып шықты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде