{metadescription}
Қызылорда тұрғыны құдыққа құлап, мерт болды

Қызылорда тұрғыны құдыққа құлап, мерт болды

Қызылордада 55 жастағы азамат абайсызда кәріз құдығына түсіп кетіп, көз жұмды.

Оқиға Қызылорда қаласындағы «Ягодка» саяжайы аумағындағы тұрғын үйдің бірінде болды. Тұрғынның денесі құдықта бірнеше күн жатып қалған. Өйткені, үйінде өзінен басқа ешкім болмаған.

«Азамат оқиға орнында көз жұмған. Кәріз құдығының тереңдегі шамамен 1 метрге жуықтайды. Қазір мәйіт полиция қызметіне өткізілді. Оқиғаның себебі анықталуда. Тұрғын кәріз құдығында төрт-бес күн жатып қалуы мүмкін. Оның себебі сараптама негізінде анықталады», - деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде