{metadescription}
Оралда тойға келген қонақтар жертөлеге жасырынып қалған

Оралда тойға келген қонақтар жертөлеге жасырынып қалған

10 сәуірде полицейлер Оралдағы мейрамханадан 20-ға жуық қонақты тапты.

Белгісіз біреу полицияға қоңырау шалып, "Қоржын" мейрамханасында той өтіп жатқанын хабарлаған, деп жазады өңірлік "Мой город" басылымы.

"Сағат 12:00-ден кейін мониторингтік топ "Қоржын" мейрамханасына барды. Облыста көпшілік шараларға тыйым салынғанына қарамастан ол жерде той өткізілгенін анықтады. Бәрі фото және видеоға түсірілді", - деді мониторингтік топ жетекшісі Мирхан Бердіғалиев.

Ол оқиға орнына полицейлер мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары келгенін атап өтті. Облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, 10 сәуір күндіз белгісіз біреу қоңырау шалып, "Қоржын" мейрамханасында той өтіп жатқанын хабарлаған.

"Біздің қызметкерлер бірден мейрамхана қожайындарына хабарласып,есікті ашуды ескертті. Келгеннен кейін полиция ішке кірді, бірақ ол жерде ешкім болмады. Содан кейін олар жертөлеге түсіп, онда шамамен 20 адамды тапты, қалғандары қашып үлгерген көрінеді. Оларға қатысты хаттамалар толтырылып, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне тапсырылды", - деді ол.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде