{metadescription}
Қарағанды облысында көлігімен жоғалған ер адамды іздестіруге тікұшақ тартылды

Қарағанды облысында көлігімен жоғалған ер адамды іздестіруге тікұшақ тартылды

Қарағанды облысында көлігімен көрші ауылға шыққан 63 жастағы ер адам 4 күннен бері іздестірілуде.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, 10 сәуір күні сағат 03:00-де Нұра ауданында адамның жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Өтініш берушінің айтуынша, 8 сәуірге қараған түні 1958 жылы туған ер адам Кәрім Мыңбаев ауылынан автокөлікпен Тассуат ауылына шыққан. Алайда межелеген жерге келмеген.

«Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнында ТЖД, полиция және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстарына тікұшақ тартылды», - делінген ақпаратта.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде