{metadescription}
Магистратураға түсуге өтініш қабылдау қашан басталады

Магистратураға түсуге өтініш қабылдау қашан басталады

Қазақстандық ЖОО-ларға магистратураға түсу үшін кешенді тест тапсыруға өтініштер 1 маусымда қабылдана бастайды.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінен мәлім етті. 

«Магистратураға кешенді тестілеуге өтініштер ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы 1 маусым - 15 шілде аралығында қабылданады. Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша куәлік электронды түрде тестіленушінің жеке кабинетіне жіберіледі», - деді ведомстводан.

Магистратураға кешенді тестілеу 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады. Араб тілі бойынша және шығармашылық емтихандар 16-25 шілде аралығында өтеді. Магистратураға қабылдау 28 тамызда аяқталады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл бакалавриатқа – 51 500, магистратураға 13 500 грант бөлінеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде