{metadescription}
Ерұлан Жамаубаев бөлінген қаржыны игере алмаған министрліктерді атады

Ерұлан Жамаубаев бөлінген қаржыны игере алмаған министрліктерді атады

2021 жылдың 1-тоқсанында 3 министрлік республикалық бюджеттен бөлінген қаржыны иегере алмады.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 99,5, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,8, жергілікті бюджеттердің шығыстары 99,1 пайызға атқарылды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бюджеттердің барлық деңгейлерінде атқарылу көрсеткіші жоғары. Республикалық бюджет бойынша сомасы 3,5 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 7 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 4 млрд теңге - үнемдеу. 3 млрд теңге игерілмеген», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Оның атап өтуінше, игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Қаржы, Мәдениет және спорт, Әділет министрліктері және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде қалыптасып отыр, деп жазады ҚазАқпарат.

«Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ уақыт өткізу және уақтылы өткізбеу, төлем нақты көрсетілген қызмет, жұмыс көлемі бойынша жүргізілуі, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау, сотта мемлекеттің мүддесін қорғау жөніндегі талап-арыз жұмыстарының жүргізілуі», - деді ол.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде