{metadescription}
Қасиетті Рамазан айы басталды

Қасиетті Рамазан айы басталды

Бүгін Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталды.

Орталық Азия мүфтилері кеңесіп, ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сүйене отырып қабылданған шешімге сәйкес,.2021 жылдың қасиетті Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн - қасиетті Қадір түні. 13 мамыр - Ораза айттың бірінші күні. Пітір садақа мөлшері жан басына - 420 теңге. Садақа мөлшері барлық облыстағы 2 келі ұнның ең төменгі бағасымен белгіленген.

Рамазанда ауыз бекіткен исі мұсылман баласы өзін ішіп-жеуден ғана шектемей, жаны мен тәнін жамандықтан сақтап, ізгілікке ұмтылады. Іс-әрекетін мұсылманға тән әдеп аясында орындауға тырысады. Өйткені, Рамазан – кез келген ізгі амалды риясыз ниетпен жасауға тәрбиелейтін, адамды тақуалыққа үйрететін ай. Аштық пен шөлге төзіп, Алла разылығын алуды шынайы ниет еткен адамға берілетін сый мен құрмет ерекше болмақ.

"Аузы берік адам ішіп-жеуін Мен үшін доғарды. Ораза – Мен және құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен беремін. Аузы берік құлымның аштық пен шөлдеу себебінен шыққан ауыз иісі Мен үшін миск әтірінен де қайырлы", – деген Алла Тағала Құдси-хадисте .

Өкінішке қарай, биыл да қасиетті Рамазан айы пандемия жағдайында өткелі отыр. Осыған орай таяуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатты ауызашар кезінде, құлшылық сәттерінде санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырған болатын.

Бас мүфти жасы 60-тан асқан адамдарға ауыз бекітуден бұрын медициналық тексеруден өтуге кеңес берді.

"Егде жастағы және балиғатқа толмаған азаматтардан күрделі ахуал тұрақталғанша мешітке бармай, құлшылықты үйде орындауын сұраймыз. Сіздерді пандемия кезінде барынша сақтанып жүруге, адам көп шоғырланған орындарға бармауға, ауыз бекіткен жағдайда дұрыс тамақтануға, мүмкіндігінше жұмыс кестесін ыңғайлап, денсаулықты күтуге үндеймін", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде