Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысында аудан кіреберісіне блок бекеттер қойылды
Бүгінгі таңда облыс коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр.
11:36 13.04.2021
Ал өткен тәулікте өңірде 263 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Алматы облысының Көксу ауданында блок бекеттер қойылды. Таңғы сегізден түнгі онға дейін ауданға кірер жолдарда полиция мен жергілікті атқарушы орган өкілдері кезекші болады, деп хабарлады Polisia.kz.
Көксу ауданы бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, ауыл округтерінің кіріп-шығатын жолына профилактикалық сипатта күндізгі блок бекеттер қойылған. Ол жерде көрші облыстан келгендерді тексеріп жатыр.
"Көксу ауданында коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты ауыл округтерінің кіреберісіне блок бекеттер қойылды. Аудан бойынша қозғалыс шектелмейді. Блок бекеттерде басқа өңірден келген адамдар ғана бақылауға алынады", – деді Көксу ауданы полиция бөлімінің бастығы Рамиль Гимадиев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВ
- Telegram