{metadescription}
Ақтауда көшенің қақ ортасында көлік жарылды

Ақтауда көшенің қақ ортасында көлік жарылды

Ақтауда көліктің жарылу сәті видеоға түсіп қалды.

Әлеуметтік желіде көліктің жарылған сәті бейнеленген видео тарады. Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға кеше түнгі сағат 23:28 шамасында болған.

«34 шағын ауданда жолда келе жатқан «Daewoo Nexia Ns 150» маркалы көлігі толығымен жанып кеткен. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт 23:45-те ауыздықталды. Өртті сөндіруге мамандар мен 9 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

07 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде