{metadescription}
Қазақ телевизиясының ардагері дүниеден озды

Қазақ телевизиясының ардагері дүниеден озды

Ардагер журналист Әміролла Сарым - Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның әкесі.

Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның әкесі Әміролла Сарымов дүниеден озды. Қаралы хабарды Қазақстан президентінің көмекшісі Ерлан Қарин жеткізді.

"Айдос Сарымның әкесі Әміролла ағамыз өмірден өтті деген қаралы хабар жетті. Қазаның арты қайырлы болсын. Бекем бол, Айеке! Әміролла Сарым қазақ телевизиясы мен радиосының дамуына зор үлес қосқан ардагер журналист болатын. Осыдан бірнеше жыл бұрын "Қазақстан" корпорациясында қызмет еткенде ағамызбен жиі жүздесіп, пікір алмасқан едік. Ол сырқатына қарамай, қазақ телевизиясының 60 жылдығын ұйымдастыруға белсене атсалысты", - деп жазды Қарин.

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым пандемияға байланысты ырым-жоралғыларды шектеуге мәжбүр екенін хабарлады.

"Ардақты ағайын. Асқартаудай әкеміз, қазақ телевизиясының ардагері Әміролла Саримов дүниеден озды. Пандемиядан туындаған талаптарға сай ырым-жоралғыларды шектеуге мәжбүрміз. Көңіл айтып жатқан барша жұртқа отбасымыздың атынан алғыс айтамыз", - деп жазды Айдос Сарым Facebook-парақшасында.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

07 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде