{metadescription}
Елордада мотоцикл мінген 17 жастағы жігіт жарық бағанасына соғылып қаза тапты

Елордада мотоцикл мінген 17 жастағы жігіт жарық бағанасына соғылып қаза тапты

Күн жылына бастағалы елорда жолдарында мотокөлікпен жүргендер қатары да көбейді.

Ал мотокөліктік апатқа ұшырауы жүргізуші өміріне аса қауіпті. 13 cәуір күні сағат 21:20-да «Reiser» мотоциклін жүргізген 17 жастағы жігіт Қорғалжын тас жолымен Байғанин көшесі жаққа келе жатып, көлігін басқара алмай, көшедегі жарық бағанасына соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклдің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған фактіге қатысты тергеу жүргізілуде.

Статистикаға сәйкес, мототехниканың апатқа ұшырауына көбіне жүргізушілердің қауіпсіздікті сақтамауы, жол ережесін бұзуы себеп болады, деп жазады ҚазАқпарат. Мотоциклшілердің кінәсінен болатын оқиғаларға олардың жылдамдық режимін асыру және манерв жасау ережелерін бұзу, көлік құралын жүргізу тәжірибесінің аздығы себеп болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

07 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде