{metadescription}
Қызылордада жұмыс іздеуге шыққан ер адам жоғалып кетті

Қызылордада жұмыс іздеуге шыққан ер адам жоғалып кетті

Қызылордада 55 жастағы жергілікті тұрғын Тұяқбай Бектұрғанов жоғалып кетті. Туысқандары 23 наурыздан бері еш хабар ала алмай отыр.

"Сол күні таңғы жетілер шамасында Тұяқбай Бектұрғанов жұмыс іздеу үшін үйінен шығып, белгісіз бағытта жоғалып кетті. Осыған байланысты туыстарының өтінішімен іздеу жарияланды", - деп мәлімдеді Қызылорда облысының полиция департаментіндегілер.

Полицейлер жоғалған адамды көргендер болса, 102 нөміріне хабарласуды сұрады.

"Бектұрғановтың белгілері: бойы 160-165 сантиметр, арықша келген, шашы қысқа, ақшыл сары, көзі қоңыр, ішінде операциядан қалған тыртық бар. Үйден шыққан күні үстінде қара бас киім, қою көк түсті куртка, жағасы бар қоңыр свитер, қара джинс шалбар, аяғында қара кроссовка болған", - деді олар.

Тұяқбай Бектұрғанов Қызылорда аумағынан тыс бір жерде жұмыс істеп жүрген болуы мүмкін. Өйткені жуырда екі жыл бұрын дәл осылай хабар-ошарсыз кеткен басқа қызылордалық табылды.

"Ол ер адам Түркістанда вокзал маңынан табылды. Полицияға Қармақшы ауданының 48 жастағы тұрғынының жоғалғаны туралы 2018 жылы қазанда үлкен ағасы хабарлаған еді. Анықталғандай, әлгі адам осы уақыт бойы Алматы облысындағы фермада мал баққан", - деді полиция департаментінің қызметкерлері.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

07 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде