{metadescription}
Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейді

Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейді

Қазақстанда коронавирус инфекциясына байланысты бұқаралық шараларға тыйым салынған.

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейді. 

"Коронавирустық инфекция бойынша жағдайдың тұрақталмауына байланысты Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери парад болмайды. Парадтың орнына қандай іс-шаралар өтетіні туралы әзірге айта алмаймыз", - деп түсіндірді қорғаныс министрлігі.

2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад өтпеді. Бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынған болатын. Алайда бұл күні ардагерлер назардан тыс қалмады. Оларды ел басшылығы, шенеуніктер, әскери қызметкерлер, еріктілер, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар құттықтады.

Мамыр айында елімізде үш мереке атап өтіледі. 1-3 мамыр аралығында қазақстандықтар Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай демалады. 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні, 8 мамыр - сенбі. 9 мамыр - Жеңіс күні жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан мерекелік демалыс күні 10 мамыр, дүйсенбіге ауыстырылды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде