{metadescription}
Елімізде пәтер бағасы қашан арзандайтыны белгілі болды

Елімізде пәтер бағасы қашан арзандайтыны белгілі болды

ОКҚ-де өткен брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстандағы тұрғын үй бағасы қашан арзандайтыны туралы сұраққа жауап берді.

«Апта сайын бағаларды зерттеп отырамыз. Жаңа бағдарлама іске қосылғаннан кейін үйдің де бағасы өсе бастады. Жаңа үйдің бағасы қаңтар айында 3%-ға өссе, бұрын салынған үйлердің бағасы 17%-ға өскен. Ал кейінгі ақпан айында бағасы өскенімен тұрақтала бастағаны байқалды», - деп айтты ол.

Сонымен қатар Өскенбаевтің дерегінше, наурыз айында бағаның өсуі тоқтады. Атап айтқанда, жаңа үйлер 0,5%-ға, бұрынғы ескі үйлер 2%-ға өсті. 

«Енді сәуір-мамыр айларынан бастап бағалар шектеліп, маусым-шілде айларынан бастап орнына келеді деп отырмыз. Өйткені халықтың сұранысы бойынша қаражат БЗЖҚ-нан бөлінетін болған соң, бағалар өсті. Алайда екі айдың ішінде азаматтар 600 млрд теңгеге жуық өз ұсыныстарын берді. Сол себепті пәтер бағасы алдағы айларда тұрақталады деп отырмыз», - деп түсіндірді вице-министр.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тек қана қолжетімді үйлерді салынады. Осы ретте вице-министр бағдарламаның тарихына тоқталып өтті.

«2005 жылы «Қолжетімді баспана» басталды. Ол уақытта 2,5 млн шаршы метр салынды. 2015 жылы 8,9 млн шаршы метрге жетсек, былтыр 15 млн шаршы метр тапсырдық. Енді биыл 17 млн шаршы метр тапсырылу жоспарда бар», - деп атап өтті ол брифингте.

ИИДМ өкілі атап өткендей, Nur Otan партиясының тапсырмасы бойынша 5 жылдың ішінде 100 млн-нан астам шаршы метр тапсырылу көзделіп отыр. Ол бағаның тұрақталуына себеп болады.

Дереккөз: baq.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде