{metadescription}
Елімізде 50 ұйым әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған авторлық жобаларын таныстырады

Елімізде 50 ұйым әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған авторлық жобаларын таныстырады

Бүгін оңтүстік астанада Әлеуметтік идеялар мен жобалардың жыл сайынғы жәрмеңкесі басталды.

Онда Қазақстанның коммерциялық емес ұйымдарының (КЕҰ) 50 өкілі өздерінің инновациялық шешімдері мен қоғамдық маңызы бар жабаларын қазылар алқасына онлайн-форматта таныстырады. Бұл ауқымды байқауды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырып отыр. Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап өткізілуде.

Жәрмеңкеде 2021 жылғы 10 қаңтар мен 10 наурыз аралығында өткізілген әлеуметтік идеялар мен жобалардың республикалық байқауының 50 финалисті екі күн бойы жобаларын білікті қазылар алқасына таныстырады. Қазылар алқасының құрамында алдыңғы қатарлы ҮЕҰ, білім және денсаулық сақтау мекемелерінің, БАҚ өкілдері бар.

Естеріңізге салсақ, бұл бағдарламаның мақсаты –әлеуметтік, мәдени және білім саласындағы жобаларды жергілікті деңгейде жүзеге асыру арқылы қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешу үшін еліміздегі коммерциялық емес ұйымдарды тауып, оларды қолдау,

Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің қатысушыларына сөз арнаған Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Алматы қаласындағы Өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров «Байқаудың әр қатысушысы нақты әлеуметтік мәселелерді шешеді. Бұл – ондаған, кейде тіпті жүздеген, мыңдаған адамға тиісті әлеуметтік көмек беріледі деген сөз» деді.

«Елбасы негізін қалаған әлеуметтік саясаттың арқасында елімізде азаматтық қоғам институты табысты жұмыс істеп тұр. Көптеген жылдар бойы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жүзеге асырып жатқан Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі – Қазақстанның Тұңғыш Президентінің отандастарымыздың әл-ауқатын арттыруға және қоғамдық сананы жетілдіруге бағытталған бастамаларының жүйелі түрде іс жүзіне асырылып, еліміздің коммерциялық емес секторы өкілдерінің оған атсалысып жатқанынның айқын көрінісі. Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі қоғамды дамыту құралы ретінде  елде қазіргі қауып-қатерге, дағдарысқа қарамастан әрі жаңа сынқтарға жауап түрінде жасалып жатқан өзгерістерге қазақстандықтардың қатысы барын көрсетеді», – деді спикер.      

Айта кетейік, байқауға еліміздің барлық өңірлерінің өкілдері қатысуда. Олардың арасында шалғай елді мекендер мен моноқалалар да бар. Байқауға жіберілген жобалардың саны рекордтық деңгейге жетті. Мына үш аталым бойынша 221 жұмыс ұсынылған: «Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік жағынан бейімдеу мен сауықтыруға көмектесу» (112 жоба), «Халықты әлеуметтік-құқықтық қорғау. Азаматтық құқық пен бастамаларды қорғау» (43 жоба) және «Адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау» (66 жоба).

ТОП-50 жобаны байқаудың, Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің үшінші кезеңіне іріктеу барысында сараптау комиссиясы мынадай шарттарға сүйенген: маңыздылық, әлеуметтік әсер, тұрақтылық, жаңашылдық және КЕҰ-ның  ақпараттық ашықтығы.  

«Нұрсұлтан Назарбаев Қорының гранты көптеген әлеуметтік бастамалардың тұрақты дамуына серпін берумен келеді. Қор ауқымды жобаларды ғана емес, өмір сапасын өзгертетін немесе аз қамтылған ортаның үмітін оятып, оған жаңа серпін беретін идеяларды да қолдайды. Бұл – өз маңыздылығын дәлелдейтін және ары қарай жүзеге асыруды қажет ететін жобалар. Жәрмеңкенің мәні осындай бір қарағанда қарапайым болып көрінетін, бірақ жергілікті маңызды бастамалар арқылы айқындалады», — дейді байқау комиссиясының мүшесі, Онкология және радиология ҒЗИ директоры Диляра Қайдарова.

Оның айтуынша, Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі «КЕҰ өкілдері үшін жобаларды жүзеге асыруға ғана емес, әріптестерімен тәжірибе алмасуға, жетістіктерін бөлісіп, жұмыстың жаңа әдістерін білуге керемет мүмкіндік береді. Қатысушылардың ойынша, мұндай кездесулер аса қажет. Олар аймақтарда жүргізіліп жатқан әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты жұмысты жұртшылықтың көруіне септігін тигізеді».       

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының грантын алуға үміткерлер арасында мына жобалар бар: Атырау қ. Балалар мен жасөспірімдерді спорттық оңалту орталығы, Қаммола облысындағы балаларды оңалту кабинеті, Өскемен қ. ермексаз анимациясы мектеп-студиясы, Тараз қ. әлеуметтік наубайхана, Кентау қ. мүмкіндігі шектеулі жандарды кәсіпкерлікке үйрету, Алма қ. мүгедектігі бар адамдарға арналған инклюзивті медиамектеп, Арал қ. мектеп асханасына арналған көкніс өсіретін материалдық-техникалық базаны ұйымдастыру. Қостанай облысындағы эко-егіншілік және бау-бақша орталығы, Алматы қ. пандемиядан кейін қарт адамдарды табиғи ресурстармен оңалту, Атырау облысындағы ерекше мұқтаждығы бар балаларды әлеуметтік қолдау орталығы және басқалар.    

Биыл Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі «Мемлекет, бизнес және КЕҰ: тұрақты даму мақсатындағы 30 жыл бойғы бірлік пен ынтымақтастық» атты бірінші Әлеуметтік жобалар форумы қарсаңында өткізіліп отыр. Форум 22, 23 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Жәрмеңке жеңімпаздары сол жерде аталып өтіп, олар қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған авторлық бастамаларды жүзеге асыру үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қорының грантвна ие болады.    

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде