Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Mектепте 20 оқушы тірідей өртеніп кетті
Ниамейдің шетіндегі мектептен өрт шықты.
16:38 14.04.2021
20-дан астам дайындық және бастауыш сынып оқушылары қаза тапты. Құрбан болғандардың ең үлкені 9 жаста ғана болған. Myc.news агенттігінің хабарлауынша, Нигерия премьер-министрі Оухумуду Махамаду өрттің себебін анықтауға уәде етті.
«Өрт кабинеттегі токтың қысқа тұйықталуы салдарынан тұтанған. Мектеп оқушылары оттың ортасында қалып, одан шыға алмаған, қызыл жалын бірнеше кабинетті жылдам орап өткен», - деп хабарлады полиция.
Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер мен төтенше жағдайлар қызметі өртті оқшаулап, одан да көп адам шығынын болдырмауға тырысты.
Дереккөз: zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram