{metadescription}
Kеме апатқа ұшырады, ондаған жолаушы іздестірілуде

Kеме апатқа ұшырады, ондаған жолаушы іздестірілуде

АҚШ-та Мексика шығанағындағы дауыл салдарынан Луизиана штаты жағалауында бортында он сегіз адамы бар коммерциялық кеме апатқа ұшырады.

Жағалау күзеті кеменің алты жолаушысын құтқара алды, он екі адам іздестірілуде. Атап өтілгендей, апат туралы дабыл құтқарушыларға сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша кешқұрым түскен. Құтқару жұмыстарына екі катер, екі қайық, тікұшақ және төрт азаматтық кеме тартылды.

Оңтүстік Американың Арканзас, Флорида, Луизиана және Миссисипи штаттарында соңғы күндері ауа-райының қолайсыздығы салдарынан 20 мыңға жуық ғимарат элекрт жарығынсыз қалды деп хабарланды. Луизиана штатында екі адам қаза тапты, көптеген тұрғындар торнадо салдарынан жарақат алды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.