{metadescription}
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы тағайындалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы тағайындалды

Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы ауысты. 

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалсын", - делінген жарлық мәтінінде.

Президент агенттіктің бұрынғы басшысы Алик Шпекбаевты қызметінен босатты. Бұған дейін Марат Ахметжанов Қазақстан бас прокурорының орынбасары болды. Тоқаевтың өкімімен ол бұл лауазымнан босатылды. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде