{metadescription}
Шымкентте 3 айлық сәбидің кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған

Шымкентте 3 айлық сәбидің кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған

Шымкентте хирургтер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған үш айлық қызды құтқарды.

Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Сәбиді тыныс алу жолында бөгде зат бар деген күдікпен жедел түрде балалар клиникалық ауруханасына жеткізген. Дәрігерлер нәрестені тексеріп, рентгенге түсірді. Тексеріс нәтижесінде кеңірдектің жоғарғы бөлігінен түйреуіш табылды. Қауіпті затты алып тастау үшін шұғыл түрде аурухана хирургтері Әкім Төлкібаев, Нұрбол Қоянбаев, Берік Тотиков ота жасады.

"Ота кезінде фибробронхоскоп көмегімен түйреуішті алып тастады. Баланың жағдайы жақсы, хаттамаға сәйкес қажетті ем алады", - деді дәрігер Әкім Түлкібаев.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдаймен орталыққа балалар жиі түседі. Ауыз қуысы мен жұтқыншақ арқылы заттар трахея мен бронхқа өтеді. Ірі заттар өңештен өтпей тұрып қалады екен. Балалар көбінесе ұсақ моншақты, түймені, инені, түйреуішті, сүйекті, ұсақ монетаны жұтып қоюы мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдайлар ата-анасының қарауынсыз қалған балаларда жиі кездеседі.


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде