{metadescription}
Ақтөбеде жүк көлігі қаққан жүргінші мерт болды

Ақтөбеде жүк көлігі қаққан жүргінші мерт болды

Ақтөбеде белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған жүргіншіні жүк көлігі қағып кетті.

Ол ауруханада мерт болды. Ақтөбе қаласындағы Оңтүстік айналма жолда жол-көлік оқиғасы болды. 44 жастағы қала тұрғыны түнде жолды кесіп өтпек болып, жүк көлігінің астына түсіп қалды.

«Жүк көлігінің жүргізушісі – Түркия азаматы. Ол Оңтүстік айналма жолмен жүрген кезде әйелді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Зардап шеккен жүргінші есін жимастан аурухана төсегінде көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

07 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде