{metadescription}
Алматыда 17 сәуірден бастап кинотеатрлар ашылады

Алматыда 17 сәуірден бастап кинотеатрлар ашылады

Алматыда Ashyq жобасы бойынша 17 сәуірден бастап кинотеатрлар жұмысын бастайды.

Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Садуақас Байғабылов мәлімдеді. Садуақас Байғабылов "қызыл" аймақтағы өңірлерде кинотеатрға келушілердің QR-кодын сканерлеу кассалар аумағына кіре берісте жүзеге асырылатынын айтты. Егер Ashyq жобасы бойынша "қызыл" немесе "сары" белгідегі адам болса, сатып алынған билет қайтарылады.

"Кинотеатрларда бес жасқа дейінгі балалар QR кодын сканерлеуден босатылады, яғни олар үшін "жасыл" белгі. Болашақта балалар арасында COVID-19-ға шалдығушылардың анықталып жатқанын ескере отырып, жас ерекшелігін қайта қарастырамыз", - деді Байғабылов.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде