{metadescription}
Белгісіз біреу 7 адамды атып, жарақаттады

Белгісіз біреу 7 адамды атып, жарақаттады

АҚШ-тың Индианаполис қаласындағы әуежайдың қасында орналасқан FedEx пошта компаниясының аумағындағы атыста 8 адам зардап шекті.

Зардап шеккен жеті адам ауруханаға жеткізілді. Қаскүнем өз-өзіне қол салып көз жұмды. Оның бұл әрекетіне не себеп болғаны белгісіз, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қаскүнем шабуылын кешкі сағат 11-де жасаған. Индианаполистегі FedEx Хабында 4 500-ден астам адам жұмыс істейді. Бұл – компанияның жаһандық желісінің үлкендігі бойынша екінші орында тұрған орталығы.

Тура бір ай бұрын Атлантадағы Жоржия штатында үш массаж салонында болған атыс-шабыс салдарынан жалпы алғанда сегіз адам мерт болды. Наурыз айының соңында Колорадо штатындағы Боулдер қаласының орталығында ер адам он адамға оқ атып өлтірген, олардың арасында полиция қызметкері де болды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

07 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде