{metadescription}
Қаруланған адам банк филиалына басып кіріп, адамдарды кепілге алды

Қаруланған адам банк филиалына басып кіріп, адамдарды кепілге алды

Қаруланған ер адам Тбилисидегі банктердің бірінің филиалына басып кіріп, адамдарды кепілге алды.

"Бірнеше минут бұрын Тбилисидегі банктердің бірінің филиалына қаруы бар адам басып кіріп, адамдарды кепілге алғаны белгілі болды. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері шұғыл жетті", - деп хабарлады телеарна.

Қылмыстық әрекетке барғандардың қандай талап қойғаны туралы әзірше ақпарат жоқ. Өткен жылдың қарашасында қаруланған адам Тбилисидегі шағын қаржылық мекеменің ғимаратына басып кіріп он адамды кепілге алған болатын.

Дереккөз:Sputnik
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде