{metadescription}
ШҚО-да 5 ай бұрын жоғалған балықшының денесі табылды

ШҚО-да 5 ай бұрын жоғалған балықшының денесі табылды

Шығыс Қазақстан облысында осыдан бес ай бұрын жоғалып кеткен балықшылардың бірінің денесі табылды.

Қара Ертіс өзеніндегі Кендірлік учаскесі маңынан 1981 жылы туған балықшының денесі табылды. Оны облыстық ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері іздеу жұмыстарын қайта бастау нәтижесінде тапты.

"Іздеу қайықтың көмегімен жүргізілді, қайтыс болған балықшының денесі оқиға орнынан 30 шақырым жерде табылды. Ал 1990 жылы туған екінші балықшыны іздеу жұмыстары әлі де жалғасады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік,  2020 жылдың 20 қарашасында  екі ер адам балық аулауға кетіп, сол күйі оралмаған. Құтқарушылар 26 күн ішінде 6-дан 9 метрге дейінгі тереңдікте 145 сүңгуірлерді түсірген. Іздеу жұмыстарының жалпы ауданы 16,291 шаршы шақырымнан асқанымен, іздеу нәтиже бермеді.   

Дереккөз: Stan.kz      

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде