{metadescription}
Елордалық лифтінің бейнебақылау камералары мен қабырғаларын сындырған

Елордалық лифтінің бейнебақылау камералары мен қабырғаларын сындырған

Әлеуметтік желілерге жасалған мониторингі барысында лифтінің бейнебақылау камералары мен қабырғаларын сындырған жас жігіт түсіп қалған видео анықталды.

Оқиға биылғы жылдың 16 сәуірінде сағат 00:38-де елорданың сол жағалауында «Диво» тұрғын үй кешенінде болғаны анықталды. Ол туыстарының үйіне қонаққа келген 21 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.

Қоғамдық тәртіпті бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік іс қозғалды. Процессуалдық шешімді Нұр-сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қабылдайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде