{metadescription}
Петропавлда көлік рөлінде отырған әйелдің кесірінен теміржолда апат болды

Петропавлда көлік рөлінде отырған әйелдің кесірінен теміржолда апат болды

Теміржолдағы апат салдарынан зардап шеккендер жоқ, жүргізуші де, машинист те сау болған.

Петропавлда тепловоз теміржолда тоқтаған автокөлікпен соқтығысты. Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Куәгерлер жазғандай, көлік рөлінде отырған әйел ойланып кетіп, теміржолға тоқтаған. Салдарынан апат болды. Петропавлдың полиция басқармасы бұл фактіні растады.

"17 сәуірде 102 каналына Ғ.Мүсірепов көшесіндегі теміржол өткелінде Citroën C4 маркалы автокөлік пен ТГК-2 тепловозы соқтығысқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына келген кезде 1970 жылғы жүргізуші жол ережесін, "STOP" белгісінің талаптарын бұзғаны анықталды", - деп мәлімдеді полициядағылар.

Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ, жүргізуші де, машинист те сау болған. Бұл факті бойынша анықтау жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде Citroën C4 жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 1-тармағы негізінде әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша материал жиналады. Кейін процессуалды шешім қабылдау үшін Петропавлдың мамандандырылған әкімшілік сотына тапсырылады.

Бұл бап бойынша айыппұл немесе жарты жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы көзделген.

Дереккөз: sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде