{metadescription}
Нұр-Сұлтанда 22 жастағы қыз он бірінші қабаттан секіріп кетті

Нұр-Сұлтанда 22 жастағы қыз он бірінші қабаттан секіріп кетті

Трагедия Сарыарқа даңғылының бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласында 22 жастағы қыз он бірінші қабаттан секіріп кетті. Бойжеткен оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қайғылы оқиға 17 сәуірде болды. Таңғы 08.10-да полицияға Сарыарқа даңғылы бойында қыз терезеден құлағаны туралы хабар түскен.

"22 жастағы тұрғын 11-ші қабаттың терезесінен секіріп кеткені анықталды. Қыз оқиға орнында көз жұмды. Трагедия болған сәтте отбасы мүшелері үйде болған", - делінген хабарламада.

Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Дереккөз: sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде