{metadescription}
Ақмола облысында әкесі мен қызы сарқырамаға құлап кетті

Ақмола облысында әкесі мен қызы сарқырамаға құлап кетті

Куәгерлердің айтуынша, әкесі мен қызы суретке түспек болғанда, сарқырамаға құлап кеткен.

Бүтін бір отбасы үшін табиғат аясындағы серуен қайғылы аяқтала жаздады. Желіде сарқырама маңында өзеннің қатты ағысы ер адамды баламен бірге ағызып бара жатқаны түсірілген видео тарады. Оқиға Ақмола облысында болған. Кадрдан ересек адамның баланы кеудесіне қысып, судың ортасындағы тасқа жармасқаны байқалады. Айналадағы адамдар жанұшыра айқайлап жатыр. Болжам бойынша, бұл Ақмола облысы Зеренді ауданындағы сарқырама.

Видео әлеуметтік желілерде бір күн бұрын пайда болды. Болжам бойынша, оқиға 17 сәуірде болған. Кадрлардан ер адам мен қыз баланың өзен бойымен асығып бара жатқанын көруге болады. Бір кезде бір адам судың ортасында  тасты ұстап алады. Экраннан тыс жерде адамдардың айқайы естіледі. Куәгерлердің айтуынша, бәрі жақсылықпен аяқталды. Балалы ер адамды судан шығарып алды. Олар жеңіл жарақат алған.

«Сағат 16.35-те 2015 жылы туған бала Зеренді аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне түсті. Көкшетау қаласында тұрады, денесі жарақаттанған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ауруханаға жатқызылмай үйіне шығарылды. Басқа ешкім зардап шеккен жоқ», - деп түсіндіреді Зеренді аудандық әкімдігі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде