{metadescription}
Еліміздің 4 облысында дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 4 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазгидрометтің хабарлауынша, еліміздің бірқатар аймағында ауа температурасы төмендеп, қатты жел соғады. 

Ақмола облысында жел екпіні секундына 25 метрге  дейін жетсе, Солтүстік Қазақстан өңірінде 28 метрге дейін баруы мүмкін. Синоптиктер Маңғыстауда таңертең және кешкі уақытта тұман түседі, ал Шығыс Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауып, күн күркірейді деп болжап отыр. 

Сондай-ақ бүгін Көкшетау, Петропавл және Нұр-Сұлтан қалаларында да дауыл болуы ықтимал. Ел астанасында сынап бағанасы күндіз ноль градусқа дейін түседі, ал түнде -7 градусқа дейін суытады. Жауын жауып, арты қарға ұласады. Соңында тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде