{metadescription}
Ғалымдар адам қартаюының үш кезеңін анықтады

Ғалымдар адам қартаюының үш кезеңін анықтады

АҚШ-тағы Стэнфорд университетінің зерттеушілері адам ағзасының күнделікті қартаюы туралы түсінікті жоққа шығарды.

Олар денедегі өзгерістер айтарлықтай білінетін үш жас ерекшелігін атап көрсетті. Ғалымдар 18-95 жас аралығындағы 4263 адамның қан плазмасын зерттеді. Зерттеушілер шамамен үш мың түрлі ақуыз түрлерін зерттегеннен кейін олардың үлесі ондаған жылдар бойы өзгермеген деген қорытындыға келді. Алайда, 34, 60 және 78 жастағы адамдарда ақуыз деңгейінде айтарлықтай өзгерістер байқалды.

Бұл ауытқулар жалпы ағзадағы өзгерістерге байланысты болуы мүмкін, дейді ғалымдар. Ақуыздар мен қан құрамы қартаюға қалай әсер ететіні әлі белгісіз. Бірақ тышқандарға жүргізілген тәжірибелер қарттарға жас адамдардан қан құю оң әсер ететінін көрсетті.

Дереккөз: Stan.kz      

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде