{metadescription}
Оқушылар қайтадан мектептен оқи бастады

Оқушылар қайтадан мектептен оқи бастады

Мажарстанда баслабақша мен бастауыш сынып мектептері қайта ашылады.

Осындай шешім қабылдаған билік вакцинация науқанының сәтті өткенін мәлім етті. Барлық сыныпқа қосымша дзинфекциялау жұмысы жүргізілді, мектептің кіреберісінде балалардың дене қызуы өлшенеді, олардың қолы дезинфекциялық ерітіндімен сүртіледі. Будапешттегі осындай мектептің бірінде барлық мұғалім жұмысқа, ал оқушылардың төрттен үштен астамы мектепке оралды.

Бірақ басқа мектепте әрбір бесінші оқушы сабаққа келген. Мұғалімдердің айтуынша, ата-аналардың көпшілігі қашықтан оқытуды жөн көреді. Өйткені ол осы мектепте жақсы ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта 200 мың мажарстандық мұғалім вакцинациядан өтті. Үкімет бұл сабақты қайта бастау үшін жеткілікті деп санайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бірақ мұғалімдер кәсіподағы ауру жұқтырудың жаңа жағдайларының саны күніне 1 400 адамға жеткенше мектептер жабық күйде болуын талап етеді.

Қазір Мажарстанда күн сайын коронавирусқа шалдығудың 2 600-ге жуық жаңа жағдайы тіркелуде. Кәсіподақ сонымен қатар үкіметтен ата-аналарға балалары ауру жұқтырады деп қорыққан жағдайда оларды мектепке жібермеу құқығын беруді сұрайды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде