{metadescription}
Алматыда автобус өртеніп кетті

Алматыда автобус өртеніп кетті

Алматыда «Әйгерім-2» шағынауданында жолаушылар автобусы өртенді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Төтенше жағдай бүгін, сағат 11:00-дер шамасында болған.  Өрт 20 шаршы метрді шарпыған.

«ТЖД «101» пультіне 20 сәуір күні түскі сағат 11- лер шамасында куәгерлерден Алатау ауданы «Әйгерім-2», шағын ауданындағы Қожаханов-Бембердин көшелерінің қиылысында автобустың жанғаны туралы хабарлама түсті, 7 минуттің ішінде келгенде өрт сөндірушілер «Лиаз» маркалы автобустың жанғанын анықтады. 20 шаршы метр жерді жалын шарпыған. Дереу көбігі бар өрт оқпандары жанып жатқан автобусты сөндіруге және автобус конструкцияларын суытуға бөлек өрт оқпандары берілді», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Автобуста жолаушылар болмаған. Өрт жеті минутта ауыздықталып, сағат 11:22-де толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде