{metadescription}
Қазақстанда көліктің электронды паспорты енгізілді

Қазақстанда көліктің электронды паспорты енгізілді

Қазақстанда "Көлік құралдарының электронды паспорты" ұлттық жүйесі іске қосылды.

Электронды құжатты жаңа және қолданысқа болған автомобильдерге рәсімдеуге болады, деп хабарлайды "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ресми сайты. Электронды паспортта көлік құралының техникалық сипаттамасы, меншік иесі туралы ақпарат, сондай-ақ тіркеу рәсімдері, шектеулер мен ауыртпалықтар туралы, алымды кәдеге жарату төлемдері, жол-көлік оқиғалары, техникалық байқау, кедендік шектеулер мен кедендік тазарту туралы мәліметтер болады.

"Цифрлық құжат көлік құралдарын сату саласындағы алаяқтық әрекеттерді азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша автокөлік иелері рәсімдейтін келісімшарттардың қауіпсіздігі мен ашықтығы қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, ЕАЭО орталық базасы арқылы тексеру кезінде қайталанатын вин-кодтарды анықтауға мүмкіндік болады. Бұл шара халықты проблемалы автомобильдерді сатып алудан сақтандыруға жағдай жасайды", - дейді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Айта кетейік, жоба ЕАЭО елдері қол қойған көлік құралы паспортының бірыңғай нысандарын енгізу туралы келісімді іске асыру аясында жасалды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде