{metadescription}
ШҚО-да карантин күшейтілді

ШҚО-да карантин күшейтілді

Шығыс Қазақстан облысында карантин талаптары қатаңдатылды.

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 3 мамырға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 6,4%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 1,372 .

«Бородулиха, Шемонаиха, Үржар, Зайсан, Аягөз аудандары мен Семей қаласының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО мемлекеттік кірістер және полиция департаменттері, қалалар мен аудандардың санитарлық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары Алматы облысы тарапына қойылатын 2, Қарағанды облысының тұсындағы 1 және Аягөз ауданы аумағындағы 2 санитарлық бекеттің жұмысын қамтамасыз етуі тиіс. «Қызыл аймақтағы» өңірден келетін адамда санитарлық бекеттерді кесіп өткен кезде COVID-19 инфекциясының жоқтығын растайтын ПТР сынаманың теріс нәтижесі туралы үш тәуліктен аспайтын анықтаманың болуы міндетті. Бірақ бұл талап Аягөз ауданы шекарасындағы облысішілік санитарлық бекеттерге қолданылмайды», - делінген құжатта.

Сонымен қатар Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз ауданының әкімдері, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар әлеуметтік-экономикалық объектілерде карантин шектеулерінің сақталуын қадағалауы тиіс.

«Қызыл аймаққа» кірген аталған 3 қаладағы объектілердің жұмысына бірқатар шектеу енгізілген. Атап айтқанда, ғимарат сыртындағы азық-түлік және шаруашылық заттар саудалайтын базарлар сенбі күні сағат 17.00-ге дейін жұмыс істеп, жексенбі күні жабық болады. Ғимараттардың ішіндегі базарлар демалыс күндері мүлде жұмыс істемейді. Азық-түлік емес тауарларды сататын сауда объектілері жұмыс күндері ғана сағат 21.00-ге дейін келушілерді қабылдайды. Ал қоғамдық тамақтану объектілері сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін ашық болады. Сондай-ақ мектепке дейінгі балалар мекемелерінде 15 адамнан аспайтын топтарды жинақтау сақталған кезде кезекші топтардың болуына рұқсат берілген. Көрермендердің қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізуге де тыйым салынды», - делінген қаулыда.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде