{metadescription}
Қазақстан Түркиямен арадағы әуе рейстер санын қысқартады

Қазақстан Түркиямен арадағы әуе рейстер санын қысқартады

26 сәуірден бастап Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейстерінің саны 20-дан 9-ға дейін қысқартылады.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ведомствоаралық комиссияның тиісті хаттамасына сәйкес 26 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы рейстердің жалпы санын аптасына 20-дан 9 рейске дейін қысқарту тапсырылды», - деп жазылған баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Қазіргі уақытта екі ел арасында аптасына жеті бағыт бойынша 20 рейс бар:

  • Нұр-Сұлтан - Ыстамбұл, екі рейс
  • Нұр-Сұлтан - Анталия, бір рейс
  • Алматы - Ыстамбұл, жеті рейс
  • Алматы - Анталия, бес рейс
  • Түркістан - Ыстамбұл, екі рейс
  • Ақтау - Ыстамбұл, бір рейс
  • Шымкент - Ыстамбұл, екі рейс.

Рейстер санына енгізілген шектеу эпидемиологиялық ахуал жақсарғанға дейін қолданылады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде