{metadescription}
Алматыда караоке мен банкет залдары жұмыс істеуіне рұқсат етілуі мүмкін

Алматыда караоке мен банкет залдары жұмыс істеуіне рұқсат етілуі мүмкін

Алматы «жасыл» аймаққа өтетін болса, мамыр айында «Ashyq» жобасы бойынша караоке мен банкет залдары жұмыс істейді.

«17 сәуірден бастап Алматы қаласы бойынша жобаға 5 кинотеатр және 1 театр, сондай-ақ QR кодын алу сатысында 6 кинотеатр және 1 театр қосылды. Кинотеатрларды қосудың алғашқы күні-ақ, «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 5 келуші анықталды. Егер Алматы «жасыл» аймаққа өтетін болса, мамыр айында «Ashyq» жобасы бойынша караоке мен банкет залдары жұмыс істейді», - дейді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов.

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Садвакас Байғабулов әрбір кәсіпкерлік субъектісіне болашақта жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жеке QR кодтары берілгенін атап өтті.

«Мамыр айында біз караокені, сондай-ақ толымдығы 50% -дан аспайтын банкет залдарын қосу туралы мәселені қарастырамыз», - дейді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

07 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде