{metadescription}
Дәрігер жылдам әзірленетін кеспенің қандай зияны бар екенін айтты

Дәрігер жылдам әзірленетін кеспенің қандай зияны бар екенін айтты

Ресейлік эндокринолог Екатерина Иванникова "Звезда" телеарнасына берген сұхбатында жылдам әзірленетін кеспенің қауіпі жайлы айтып берді.

Маманның айтуынша, жедел кеспемен жиі тамақтану ағзадағы ақуыз жетіспеушілігін тудыруы мүмкін, бұл өз кезегінде адамның салмағы мен бұлшықет массасының қалпына теріс әсер етеді.

"Кеспені шектен тыс жеуге болмайды. Егер тек кеспе жесе, онда адам ақуыз жетіспеушілігіне байланысты қауіп-қатер тобына кіреді, бұл оның денсаулығына, салмағы мен бұлшықет сапасына әсер етуі мүмкін", - деді Иванникова.

Айтуынша, дәмдеуіштерге қатысты бөлек күмән бар.

"Кез келген жылдам дайындалатын кеспе не күріштен, не бұршақ тұқымдастар немесе бидай өнімдерінен дайындалады. Кеспеге жұмыртқа, су, тұздан басқа ештеңе қоспайды. Дәмдеуіштерге қатысты сұрақ туындайды, көбінесе оларда зиянды қоспалар көп болады", - дейді медицина ғылымдарының кандидаты. 

Сонымен қатар, маман мұндай кеспемен бірге әрдайым сатылатын қоспалардың құрамындағы дәмдеуіштер ағзаға ерекше зиян келтіретінін атап өтті. Дәрігер кез келген жедел кеспені аз мөлшерде жеп, дәмдеуіштерден максималды түрде бас тарту қажеттігін атап өтті.

Дереккөз: stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде