{metadescription}
Қарағанды облысындағы жойғыш ұшақ апатының ықтимал себебі аталды

Қарағанды облысындағы жойғыш ұшақ апатының ықтимал себебі аталды

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Қарағанды облысында әскери ұшақтың апатқа ұшырауының ықтимал себебін айтты.

«Қарағанды облысында Су-30СМ ұшағының апатқа ұшырау себебін тексеру жөнінде арнайы құрылған комиссия барлық орын алуы мүмкін нұсқаны қарастырып жатыр. Ең ықтимал нұсқаның бірі – бұл бір топ құстың әскери бортқа соқтығысуы. Құстар, әсіресе ірі құстар авиация үшін өте қауіпті. Турбиналы ұшақ жолында кедескеннің бәрін ішкі қарай тартады. Күштік құрылғыға тап болған ірі құстар қозғалтқышты барынша зақымдап, оны істен шығарады. Мұндай соқтығулар негізінен ұшу және қону кезінде орын алады. Заманауи ұшақтардың корпусы құстардың соққысына төтеп бергенімен қозғалтқышы шыдамайды. Қозғалтқышқа құстар түскен кезде ол істен шығады. Ал оған бір топ құс түсетін болса, онда екі қозғалтқыш бірден істен шығып қалады. Мұндай жағдайлар авиацияда өте қауіпті саналады. Өйткені, ұшақтар қозғалтқыштың бірі бүлінбесе ұшуын және қонуын жалғастыра алатындай жасалған», - деді Қорғаныс министрлігі.

Ұшақ құлаған жерден ондаған жарақаттанған құстардың қаңқалары табылған. Қазіргі уақытта жабайы құстар оңтүстіктен солтүстікке ұшып жатыр. Министрлікте үлкен құстар авиация үшін өте қауіпті екенін атап өтті.

«Ұшқыштар өмірлеріне анық қауіп төнгенге дейін ұшақты басқару үшін барлық мүмкіндікті жасады. Ұшақ басқаруға көнбей, кабина түтінге толғаннан кейін, азаматтық тұрғындарға, сонымен қатар жердегі азаматтық нысандарға қауіптің жоқтығына көз жеткізгеннен кейін ғана ұшақты тастап шығуға шешім қабылдады. Ұшқыштар ұшақтты апатты жағдайда тастап кету жүйесін барынша төмен тиіктікте пайдаланды. Олар ұшақты барынша сақтап қалуға, әскери бөлімнің арнаулы құтқарушылар күтіп тұрған аэродромға қондыруға тырысты», - делінген таратылған ақпаратта.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде