{metadescription}
Подъезде 7 жасар қызды шешіндірген жігіт видеоға түсіп қалды

Подъезде 7 жасар қызды шешіндірген жігіт видеоға түсіп қалды

19 жастағы күдікті қамауға алынды, полиция тергеудің басталып, сараптама жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Алматыда жеті жасар қызға азғындық жасамақ болған 19 жастағы жігіт ұсталды. Оқиға түскі сағат бір шамасында Түрксіб ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Жеті жасар қыз дүкеннен үйіне қайтып келе жатқан. Оның артынан ер адам подъезге кіріп, жоғары қабатқа көтеріліп бара жатқан баланы тоқтатады.

Қыз жоғары қабатқа жүгіріп кетеді, алайда жас жігіт артынан барып, көтеріп төменгі қабатқа түсірген, деп хабарлады Polisia.kz. Содан кейін ол кішкентай қызбен бірге подъездің бұрышына қарай кіріп кеткен. Әрі қарай не болғаны видеоға түспеген.

"Оның сол жерде қызды шешіндіріп, тиісе бастағаны анықталды. Бала қашып үлгерген. Үйіне келіп, болған жайтты анасына айтып берген. Содан кейін анасы дабыл қақты. Анасының дереу полицияға хабарласуы қылмысты тез арада ашуға көмектесті", - деді Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Күдікті қамауға алынды. Ол сол ауданда тұратын 2002 жылы туған Ф. есімді азамат. Ер адамның ақыл-есі кем ретінде есепте тұратыны анықталды. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігі (көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау) бойынша тіркелді. Қылмыстық іс бойынша тиісті тергеу шаралары мен сараптамалық зерттеулер жүргізіліп жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде