{metadescription}
Сәуірдің соңында Алматыны қар басып қалды

Сәуірдің соңында Алматыны қар басып қалды

Қазіргі кезде қала ішінде көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға арнайы материалдар себіліп жатыр.

Алматыда 21 сәуірден бері қар жауып жатыр. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазірге дейін қалаға 6-8 сантиметр қалыңдықта қар түсті.

"21 сәуірде сағат 13.00-ден бастап Алматы қаласында жаңбырдың соңы қарға ұласты. Таулы және тау бөктеріндегі аймақтарға 10-12 сантиметр, ал қала ішінде 6-8 сантиметр қар түсті", - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта көктайғаққа қарсы 243 тонна материал пайдаланылған. Сонымен қатар, тротуарды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті өткелдерін, саябақтарды және басқа да қоғамдық орындарды қардан тазарту жұмыстары жалғасуда. Қар тазалауға 965 жұмысшы мен 395 техника жұмылдырлған. Оның 136-сы құм шашатын техника. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде