{metadescription}
QazVac вакцинасының бағасы белгілі болды

QazVac вакцинасының бағасы белгілі болды

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның бағасын айтты.

Препараттың түрік зауытында құйылып жатқанын ескеріп, тілшілер Тоғжановтан "қазақстандық вакцина Түркия азаматтарына салына ма" деп сұрады.

"Болашақта елдегі қажеттілік жабылған кезде (қазақстандық вакцина қолжетімді болады. - авт.ескерт.) тек Түркияға емес", - деді Тоғжанов.

Сондай-ақ, вице-премьерден қазақстандық вакцина басқа елдер үшін қанша тұратынынын сұрады.

"Оны есептейді. Ішкі есептеулеріміз бойынша 4,7 доллар деңгейінде. Түркиямен басқаша есеп жүргізіледі", - деді Ералы Тоғжанов.

Айта кетейік, қазақстандықтар үшін вакцинация тегін. Қазақстанда QazVac препаратымен вакцинация 26 сәуірде басталады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.