{metadescription}
Ресейдегі халықаралық турнирде Бекзат Нұрдәулетов өзбек боксшысын жеңді

Ресейдегі халықаралық турнирде Бекзат Нұрдәулетов өзбек боксшысын жеңді

Ресейде бокстан Санкт-Петербург губернаторының кубогында қазақстандық Бекзат Нұрдәулетов жартылай финалға жолдама алды.

Ол 81 келі салмақта өзбек боксшысы Дилшод Рузметовпен қолғап түйістірді. Төрешілер бірауыздан жеңісті Бекзатқа берді. Осылайша ол жарысты жалғастыру мүмкіндігіне ие болды. Екі боксшы бұған дейін де шеберлік байқасқан болатын. Екеуі 2019 жылы Ресейдің Екатеринбург қаласында әлем чемпионатында шаршы алаң төрінде тайталасқа түсті. Сол жолы қазақстандық спортшы қарсыласын 5:0 есебімен тізе бүктіріп, әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде