{metadescription}
Мигранттар мінген қайық аударылды: кем дегенде 130 адам көз жұмды

Мигранттар мінген қайық аударылды: кем дегенде 130 адам көз жұмды

Триполидің солтүстік-шығысында Жерорта теңізінде резеңке қайық аударылды, тірі қалған бірде-бір адам табылмады.

Ливия жағалауында аударылған кемеде кем дегенде 130 мигрант болған, тірі қалған бірде-бір адам табылмады. Бұл туралы SOS Mediterraneе француз үкіметтік емес ұйымының мәлімдемесінде айтылды.

«Біз бүгін оқиға орнына келгеннен бері бірде-бір тірі адамды таппадық, дегенмен апат болған жерде ондаған адамның мәйітін көрдік», - делінген ұйымның хабарламасында.

Индонезияда қайық кемемен соқтығысып, 17 адам жоғалып кетті  United News of India басылымының мәліметінше, Жерорта теңізіндегі құтқару операциясын ауа райының қолайсыздығы қиындатқан: іздеу аумағындағы толқындар алты метрге жетті. Барлық еуропа билігі іздеу шараларын үйлестіруден бас тартты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде