{metadescription}
Қазақстандық әнші Dequine мен Dose «Вечерний Ургант» бағдарламасында өнер көрсетті

Қазақстандық әнші Dequine мен Dose «Вечерний Ургант» бағдарламасында өнер көрсетті

Қазақстандық әнші Dequine Бірінші арнаның «Вечерний Ургант» бағдарламасының музыкалық қонағы болды.

Dequine (шын аты Данеля Садықова - авт.ескерт) және Dose (шын аты Айдос Жұмалинов - авт.ескерт) кеш қонағы болды. Иван Ургант Dose жақында «Пока» альбомын шығарғанын айтты. Қазақстандық әртіс Сюзанна және Dequine сияқты танымал әншілермен ән жазған.

Бағдарламада Dequine мен Dose «Ветер» композициясын орындаған. Эфир Нұр-Сұлтан уақытымен 02:30-да көрсетілді. 2020 жылдың сәуірінде Dequine-нің Warner Music Russia компаниясымен келісімшарт жасағаны туралы хабарланды. Желідегі қолдаушылары құттықтасып, қолдау білдірді. 

«Сен біздің мақтанышымызсың», «Жарайсың, тек алға», «Одан да биіктерге жет», Құттықтаймын, сен әлемге таныласың», «Бұл кім, қай әнші?», «Қазақстандық әншілер биіктен көріне берсін», - деп жазды олар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде