{metadescription}
Тоқаев отандық вакцина өңірлерге жеткізіле бастағанын хабарлады

Тоқаев отандық вакцина өңірлерге жеткізіле бастағанын хабарлады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарына қосылғанын атап өтті.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастағанын млімдеді. 

"Барлық азаматқа қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын!", - деп жазды президент әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, Коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасын егу науқаны елімізде 26 сәуірде басталатынын хабарлаған болатынбыз. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде