{metadescription}
СҚО-да карантин жеңілдетілді

СҚО-да карантин жеңілдетілді

Солтүстік Қазақстан облысында өңірдің «жасыл» аймаққа өтуіне байланысты бірқатар кәсіпкерлік нысандарының жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

СҚО-ның бас мемлекеттік санитар дәрігері Әсет Жұматаевтың жаңа қаулысы шықты. 25 сәуірден бастап өңірде карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілмек.

Өнеркәсіп, құрылыс, ауыл және балық шаруашылығы, әуе байланысы, қызмет көрсету орындары, туристік компаниялар, түрлі сауда орындары, музейлер мен кітапханалар, балалардың білім беру орталықтары, базарлар, мектепке дейінгі білім мекемелері, діни нысандар, моншалар мен сауналар, бассейндер, спорт кешендері мен театр, кинотеатр, бильярдтар, боулингтер жұмысын жандандырады. Алайда, кейбірінде адам санына қатысты шектеулер бар. Сондай-ақ, маска тағу, ара қашықтықты сақтау секілді талаптарды ұстану қажет.

Дегенмен, ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, мерейтойлық іс-шараларды өткізуге әлі де тыйым салынған.

Еске алуды шараларын 30% сыйымдылықпен, бірақ 50 адамнан асырмай және спорттық іс-шараларды орын санын 20% асырмай көрермендермен өткізуге рұқсат берілді.

26 сәуірден бастап өңірдегі фитнес-клубтар, оның ішінде йога орталықтары, спа-орталықтар, сауналар, бассейндер, компьютерлік клубтар, оның ішінде PlayStation клубтары (16 жасқа толмаған тұлғалардан басқа), боулинг клубтары, кинотеатрлар, театрлар мен филармониялар, банкет залдары, асхана типтес нысандар, фастфудтарды, стрит-фудтарды қоспағанда, тамақтандыру объектілері, бильярд клубтары, концерт залдары «Ashyq» жобасына қатыса бастайды. 5 мамырдан бастап бұл жобаны караоке мен банкет залдарына енгізу жоспарланған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде