{metadescription}
Атырауда автобус аударылып, 8 адам зардап шекті

Атырауда автобус аударылып, 8 адам зардап шекті

Атырау облысында 22 сәуірде автобус пен автоцистерна соғысып, салдарынан 8 адам зардап шекті.

Жылыой ауданындағы «Теңіз-Құлсары» жолында «ПАЗ» автобусы пен «КамАЗ» көлігі соқтығысқан. Автобус Прорва кен орнында жұмыс істейтін мердігер компаниялардың біріне тиесілі. Алдын ала болжам бойынша, КамАЗ тізгініндегі жүргізуші басып озбақ болып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Ал, 11 жолаушысы бар автобус аударылған.

«Жол-көлік апатынан 8 адам зардап шекті. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Автобустың жүргізушісі ауруханада жатыр. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 1-бөлігімен тергеу жүргізілуде», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде